Жамбыл облысы бойынша МҚІА аумақтық департаментінің басшысы тағайындалды

173

Ілебаев Лесбек Құралбайұлы 1982 жылы 17 тамызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақ гуманитарлық- заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1999 жылы Коммерциялық ұйымдарда заңгер көмекшісі болып бастаған;

2004-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі қызметін атқарған;

2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша күндізгі бөлімінде оқыған.

2014-2016 жылдары Солтүстік Қазақстан Облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған;

2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратында қызмет атқарды;

2017-2018 жылдары «Каспий әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарушы директоры, басқарма төрағасының м.а.;

2018-2019 жылдары Коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқарды;

2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды;

2023 жылдың 24 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып тағайындалды.

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, премиялар:

«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалі (2006),

— Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі (2016),

— «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі (2021)

Leave A Reply

Your email address will not be published.