Бата – Рухани қазына

217
Адал ниет, ізгі тілек білдірудегі ұлттық дәстүріміздің бірі – бата беру кәдесі.
Бата – халқымызға амандық, ырыс – ынтымақ, бірлік, құт – береке, жақсылықтарды тілеп қана қоймай, қуаныш сәтінде ақ ниетін, алыс сапарға шығарда ақ жолын айтып, қысылғанда – қуат, қиналғанда – медет болатын рухани қазына болып табылады.
Мәселен, Бәйдібек бабаның батасына зер салсақ:
“Ақылды, абыройлы, мейірімді, рақымды, кішіпейіл болыңдар. Жастарың ұзақ, айтқандарың әділ, тілегендерің қабыл болсын. Ағайын – туғанға, үлкен-кішіге жұғымды болыңдар. Арттарың үбірлі – шүбірлі, алдарың қоқырлы, нәсіпші болсын!”,-деп бата қайырған. Осыдан кейін-ақ, қарға тамырлы қазақ ақсақалдары мен қарияларының алақан жайып берген ақ тілекті батасының мәні зор әрі қабыл болған.
​​​​​​​​​
Нокусова Меруерт.
Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.