АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЕГІСТІК АЛҚАБЫ 14,7 МЫҢ ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

128
Енді аз уақытта дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталып, егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға бағыт ұсталады.
Биыл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдары 770,7 мың гектарға отырғызылып, өткен жылмен салыстырғанда 14,7 мың гектарға артады деп болжануда. Атап айтқанда, 398,2 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 72,2 мың гектарға майлы дақылдар, 61,7 мың гектарға көкөніс-бақша дақылдары, 11,8 мың гектарға картоп, 10,4 мың гектарға қант қызылшасы және 216,7 мың гектарға мал азығы дақылдары орналастырылады.
Қазіргі уақытта көктемгі дала жұмыстарына қажетті 90,2 мың тонна тұқымның 68,9 мың тоннасы өзімізде бар. Ал, жетіспейтін қант қызылшасы, дәндік жүгері, картоп, сүрлемдік жүгері мен күнбағыс дақылдарының тұқымын шет мемлекеттерден және Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарынан жеткізу көзделуде.
Сондай-ақ, биылғы егіс жұмыстарына 7 317 дана ауыл шаруашылығы техникаларын, яғни 4 585 дана трактор, 1 234 дана соқа, 826 дана дән сепкіш, 580 дана қопсытқыш, 92 дана тұқым дәрілегіш техникаларын жұмылдыру жоспарлануда. Бүгінгі күні бұл техникаларды жөндеу жұмыстары басталды.
Жалпы көктемгі дала жұмыстарына қажетті дизель отыны 15,5 мың тоннаны (қаңтар — 3705 тонна, ақпан — 4355 тонна, наурыз — 3965 тонна, сәуір — 3510 тонна) құрайды. Бүгінгі күні егіс жұмыстарын дер кезінде жүргізу мақсатында жанар-жағар майды шаруашылықтарға қаңтар айынан бастап тарату үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс жолданды және аудандар бойынша таратушы операторларды белгілеу мен меморандум жасасу шаралары атқарылуда.
Одан бөлек, биылғы жылы 280,0 мың гектарға 54,0 мың тонна тыңайтқыш енгізіледі. Оның 26,7 мың тоннасы аммиакты селитра, 7,1 мың тоннасы аммофос және 20,2 мың тоннасы басқа да тыңайтқыштар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.