Қазақстанда үкімет аппараты пайда болды: Тоқаев құжатқа қол қойды

81

Қасым-Жомарт Тоқаев«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

“Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) болып қайта құрылсын”, – делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Құжатта Үкіметтің аппараты мемлекеттік орган ретінде төмендегі қызметтерді атқаратыны жазылған:

1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді;

2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты;».

Республика үкіметіне осы қаулыны іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу тапсырылды. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

https://stan.kz/kazakstanda-ukimet-apparati-payda-boldi-tokaev-kyzhatka-375587/

Leave A Reply

Your email address will not be published.