Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында  «Өз құқығыңды біл» акциясы өтті

25

2026 жылғы 9 шілдеде Жамбыл облысының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында өңірдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында «Өз құқығыңды біл» акциясын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту.

Акция барысында өңір тұрғындары мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей жүгініп, өзекті құқықтық мәселелері бойынша білікті кеңес пен құқықтық түсіндірмелер алу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараға облыс бойынша 2000-ға жуық азаматтар қатысты.

Акция халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Азаматтарды қабылдау барысында әлеуметтік қолдау, жер учаскелерін беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ облыс тұрғындары үшін өзекті өзге де мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, Тараз қаласының тұрғыны Д. алименттің төленбеу мәселесі бойынша жеке сот орындаушысына жүгінді. Уәкілетті органдардың жедел өзара іс-қимылының нәтижесінде өтініш иесінің мәселесі қабылдау барысында оң шешімін тапты.

Осындай іс-шараларды өткізу халықтың өзекті мәселелерін уақтылы анықтауға және шешуге, заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Жамбыл облысының прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.