ЕЛІМІЗ ҮШІН ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН ҚЫМБАТ ЕШТЕМЕ ЖОҚ

233
Құрметті жерлестер!
Сіздерді еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата-бабаларымыз арман еткен азаттық пен егемендіктің шырағын жаққан осы қасиетті күннен бастап еліміз дербес ел атанып, әлем елдері арасында кеңінен танылды. Бұл қасиетті ұғыммен бірге қазақ елінің шаңырағы көтеріліп, іргесі нығайды. Осы жылдар ішінде еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, экономикасы дамыған, саясаты мығым таңдаулы ел атанып қана қоймай, баршаға үлгі боларлықтай, басқаға бағыт сілтейтіндей дәрежеге көтерілді.
Еліміз үшін қай кезде де тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбатты ештеңе болған емес.
Қымбатты жерлестер! Баршаңызды осынау бар игіліктің бастауы болған Тәуелсіздік күнімен тағы да құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын.
Еркін Келесов, Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.