4 қараша күні Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері ҰҚҚД қызметкерлерімен бірлесіп үш ер адамды ұстады деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олардан 100 келіден астам ақбөкен мүйізі табылған. Күдіктілер қамауға алынды.
«Жедел жұмыс барысында ұсталғандардан 953 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Әбілғазы Төлепбергенов.