«Халыққа әдемі баяндамалар емес, нақты шешім қажет» – Президент

339

Мемлекет басшысы халыққа әдемі жоспарларға қарағанда нақты шешімдер және нәтижелі жұмыстың қажет екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Мемлекеттік қызметшілер жалынды ұран мен жалаң сөзге үйір болмауға тиіс. Олар барынша тиімді әрі өнімді жұмыс істеуі қажет. Халыққа әдемі жоспарлардың қажеті жоқ. Әдемі баяндамалар да қажет емес. Жұрттың күтіп отырғаны – нақты шешімдер және нәтижелі жұмыс.

Сондықтан барша халықтың әл-ауқатын арттыру шенеуніктердің басты бағдарына айналады. Олардың кәсіби қызметі сол арқылы өлшенеді. Өйткені, бұл – біздің жалпыұлттық мақсатымыз. Басшылардың айтқаны заң деген ұғым келмеске кетеді.  Бірінші орында халықтың және мемлекеттің мүддесі тұруы керек», – деді Тоқаев.

https://turkystan.kz/article/201465-halykka-edemi-bayandamalar-emes-nakty-sheshim-kazhet-prezident/

Leave A Reply

Your email address will not be published.