Республика күні – ұлттық рухты көтеретін мереке

115
Кеше ұлық мереке орай Сарысу ауданына қарасты барлық аймақта бір мезетте Мемлекеттік Әнұран шырқалып, көк байрағымыз көк аспанда желбіреді.
Аудандық шараның шымылдығын аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ашып, барша қазақстандықтарды айтулы мерекелерімен құттықтап, еліміздің егемендігі мәңгілік болсын деген тілек білдірді.
Одан әрі мерекелік концерт ұйымдастырылып, асық ату, қол күрес, гір тасын көтеру сынды қазақтың ұлттық спорт түрлері өтті.
Спорттық шараларға аудан тұрғындары жан-жақты белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсетті. Жиналғандарға ыстық бауырсақ таратылып, сый-сияпаттар жасалды.

Сарысу ауданында жаңа мейрамхана ашылды

Кеше  Жаңатас қаласында жаңадан бой көтерген «Көркем-2» мейрамханасының ашылу салтанатты өтті. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қаламыздың көркейіп, әлеуметтік нысандардың санының артып келе жатқаны аудан тұрғындары үшін қуанышты жаңалық екенін жеткізді.
Мереке қарсаңында жаңа мейрамхананың лентасы кесіліп, аудан тұрғындарына дастархан жайылды.
Көлемі 1000 шаршы метрді құрайтын ғимаратта енді 500-ге тарта тұрғынның басын құрап, дүбірлі жиын өткізуге болады.
Мейрамхана қожайыны, жеке кәсіпкер Әділбек Шайдозов жаңа нысанға кадр тарту мәселесін қарастырып, алдағы уақытта 15 жұмысшыны тұрақты жұмыспен қамтитынын айтты.

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.