Депутаттар Рамиль Мухоряповты “ұлтаралық араздық туғызды” деп жауапқа тартуды сұрайды

106

Прокуратураға жүгінген депутаттардың сөзінше, кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың сөзі тәуелсіздікке, ұлттық мүддеге, ел тыныштығына нұқсан келтіреді. Және бұл сөздерді олар «ұлтаралық араздықты қоздыру» (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) деп есептейді.



Хат әлеуметтік желіде жарияланды. Оған қазірдің өзінде 20 депутат қол қойып үлгерген.

Chocofamily негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов Қазақстанға келген орыстардың арасында тренинг жүргізген. Сондай кездесулердің бірінде кәсіпкер қазақ тілі туралы даулы мәлімдеме жасайды. Оның бұл сөздері қазақстандықтардың ашу-ызасына тиіп, наразылығын туғызды. Кейіннен Мухоряпов кешірім сұраған видеосын жариялады.

https://stan.kz/deputattar-ramil-muhoryapovti-yltaralik-arazdikti-tugiz-372322/

Leave A Reply

Your email address will not be published.