Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

325

Сіз дүние жүзіндегі «ең, ең» деген сипаттарға назар аудардыңыз ба? Өмірде бізге адамдардың жасап шыққан дүниесі мен табиғаттың тылсым жаратылыстарына «осыншалықты болуы мүмкін емес» дейтіндей ерекше болып көрінуі бізді таңғалдырмай қоймасы анық. Әрі таңғалдыратын, әрі жалпы мәдениетті түсіндіретін дүние жүзіндегі ең үлкен 10 нарсені ұсынамыз.         

  1. Ең үлкен ағаш – «Генерал Шерман»

Алып секвойя ағаштары биіктігі шамамен 76 метр және ені 5 метрге дейін өседі. Олардың ішіндегі «Генерал Шерман» деп аталатын ең үлкенінің биіктігі 85 м, диаметрі 11 метрден асады. Ол АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Секвойя» ұлттық саябағында орналасқан. Ғалымдардың зерттеуі бйынша, жасы шамамен 2800 жыл. Атауы 1879 жылы азамат соғысында ерлік көрсеткен генерал Уильям Текумсе Шерманның құрметіне қойылды. Жыл сайын кәрі ағаштың көлемі 1,5 сантиметрге көбейіп отырады.

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

Генерал Шерман

  1. Ең биік тау — Эверест емес, Мауна Кеа

Кез келген адамнан әлемдегі ең биік тау қандай екенін сұраңыз, олар сізге Эверест деп жауап береді. Эверест тауы – теңіз деңгейінен ең биік нүкте, бірақ егер біз теңіз түбінен шыңына дейін есептейтін болса, онда ең биік тау – Мауна Кеа. Ол Гавайи аралындағы сөнген жанартау. Таудың жартысы су астында. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 4205 метр, ал 5998 метрі теңіз түбінде. Жалпы биіктігі 10 203 метрді құрайды. Бұл Эвересттің биіктігінен 1345 метр биік.

Мауна Кеа – астрономиялық бақылау жүргізу үшін әлемдегі ең жақсы орын. 1964 жылы жол құрылғаннан бері Мауна Кеа шыңында 11 елден 13 телескоп салынды.

Техас инвесторы және Гавай ғалымы 2021 жылы мұхитта алты шақырым жерде басталған саяхатта Кеаға толық көтерілген алғашқы адамдар болды.

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

Мауна Кеа

  1. Бүкіл Диснейлендті сыйдыруға болатын ең үлкен ғимарат

Эвереттегі «Boeing» зауыты – бұл ең танымал ұшақтардың бірі жиналатын өндіріс алаңы. Сонымен қатар әлемдегі ең үлкен ғимарат. Ауданы 399 480 м2.  Зауытта Boeing 747-ші, 767-ші, 777-ші және жаңа «Boeing 787 Dreamline» моделі жиналады. Ғимараттың үлкендігі соншалық, ішіне бүкіл Диснейленд паркін орналастырса болады. Есіктерінің биіктігі 24,9 метрге, ені 106,7 метрге жетеді.

1960 жылы салынып, 1967 жылы 1 мамырда ресми түрде ашылуы өтті. Зауыт аумағында кафе, дүкен, театр, авиация орталығының мұражайы бар. Ішін аралау үшін арнайы турларын алуға болады.

Экскурсия бір жарым сағатқа созылады, осы уақыт ішінде қонақтарға гидтің аралату қызметі және зауытта шығарылған «Boeing» модельдерін қарау ұсынылады. Туристерге шектеулер қойылған. Суретке түсуге, видео түсіруге және өздерімен бірге жеке заттарды алып жүруге тыйым салынады (тізімге ұялы телефондар, бинокльдер, әмияндар, рюкзактар, сөмкелер кіреді). Мұның бәрін кіре берісте арнайы ұяшықтарда қалдыруға болады. Сәбилері бар ата-аналар мен бойы 122 сантиметрден аспайтын балалар экскурсияға жіберілмейді.

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

  1. Ең үлкен тірі организм

Сіз ондай кезде үлкен ағаштарды немесе теңіздегі алып киттерді ойлауыңыз мүмкін. Алайда әлемдегі ең үлкен тірі организм Австралияның Шарк шығанағындағы posidonia australis теңіз шөптері саналады. Бұл балдырдың бір тұқым дәнегінен 200 км аумақта өсіп шығады. Бір тұқым дәнегінен өскен балдырлар шамамен 200 км аумақты алады. Анықтама үшін бұл шамамен 28000 футбол алаңына тең. Бұл өсімдікке 4500 жыл болған.

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

  1. Әлемдегі ең үлкен 2 гүл

Диаметрі 100 сантиметрге дейін өсетін ұсқынсыз «Rafflesia arnoldii» гүлі. Ол Индонезияның Суматра және Калимантан аралдарында өседі. Оны алғаш зерттеп тапқан Еуропа натуралисті Джозеф Арнольдтың есімімен аталған.

Бұл паразитті тіршілік ететін өсімдік. Тропиктік қалың орманда басқа ағаштың тамыры мен сабағына жабысып өседі. Паразитті тіршілік ететіндіктен сабағы мен жапырағы болмайды, тек тамыры мен үлкен гүлі ғана болады.  Гүлдің диаметрі 45 сантиметрден 1 метрге дейін жетеді. Салмағы 11 килограмға дейін болады. Түсі қоңыр немесе қызғылт, әр жерінде ретсіз орналасқан ақшыл дақтары болады. Нашар иіс сол дақтардан таралады.

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

Екіншісі «Amorphophallus titanium» гүлі. Аморфофаллусты 1878 жылы Суматрада флоренция ғалымы ашқан. Ең алғаш Суматра мен Индонезияда пайда болған. Таралған аймақтары – Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азия мен тропикалық Африка. Оның жапырағының биіктігі 3 метр, ал түйнегі 25 кг. Өмір сүру ұзақтығы шамамен 40 жыл. Сол жылдар арлығында ол 3 немесе 4 рет қана гүлдейді. Екеуінде де жағымсыз иіс.

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

  1. Әлемдегі ең үлкен үңгір

Вьетнамдағы Шондонг үңгірінің үлкендігі соншалық, ішіне бірнеше зәулім ғимараттарды да орналастыруға болады. Үңгірді 1991 жылы жергілікті тұрғын Хо Хан тапқан. Ұзындығы – 9 шақырым, ені – 150 метр, биіктігі – 200 метр. Жергілікті тұрғындар  үңгірге 1991 жылы кез болды, бірақ үңгірді зерттеу жұмыстары 2009 жылы ғана Говард Лимберт бастаған ағылшын спелеологтарымен жүргізілді.  Зерттеулер нәтижесі Шондонг үңгірі 2,5 миллион жыл бұрын қалыптасқанын көрсетуде. Үңгірде жер асты өзені, өз джунглиі, климаты бар. Үңгір өте терең болғандықтан әртүрлі температурадағы ауа массаларының араласуынан үңгірде бұлттарды да байқауға болады.

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

  1. Әлемдегі ең үлкен мүсін

Әлемдегі ең үлкен мүсін Үндістандағы «Бірлік мүсіні». Үндістанның тәуелсіздігі үшін күрескен қаһарман Сардар Валлабхай Пателге арналған. Биіктігі 182 метр.

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

Ескерткіш Үндістанның Гуджарат штатының Вадодор қаласында орналасқан. Мүсіннің құны 430 миллион АҚШ долларын құрады.

«Бірлік мүсіні» Нью-Йорктегі «Азаттық мүсініне» (93 м) қарағанда екі есеге үлкенірек. Ал әлемдегі ең үлкен мүсін саналатын Мьянмадағы Будданың мүсінінен (115.82 метр) асып түсті.

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

  1. Әлемдегі ұша алатын жануар

Қанаттарының ұзындығы 10-11 м, шамамен 67 миллион жыл бұрын болған птерозавр – өмірдегі ең үлкен ұшатын жануар. Тарихтағы қанатты динозаврлар және ұша алатын жануарлар қатарындағы ең ірісі. Қанатын құлаш сермегенде 12-15 метрге дейін жеткен. Үлкендігі соншалық, соңғы уақытқа дейін ғалымдар мұндай нәрсенің қалай ұшатынын түсіне алмады.

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

  1. Әлемдегі ең үлкен Гоба метеориті

Осыдан 80 мың жыл бұрын Грутфонтейн, Намибияда жұмыс істейтін фермерлер кездейсоқ Гоба метеоритін тапқан. Салмағы 66 тонна. Ол табылған жерінен ешқашан қозғалмаған. Намибия үкіметі метеоритке жан жақтан тыныштық бермеген соң ол жерді қоршауға алып, бүгінде туристік орталыққа айналдырып отыр. Ол 84 пайыз темір мен 16 пайыз никельден тұрады.

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

  1. Данян-Куньшань виадукті – әлемдегі ең ұзын көпір

Ұзындығы 164,8 км. Ал құны шамамен 8,5 миллиард долларды құрайды.  Бір таңқаларлығы, көпір шамамен 10 000 адам төрт жылдың  (2008-2011) ішінде салып шыққан. Жер сілкіністеріне, тайфундарға және тіпті әскери кеменің тікелей соққысына төтеп бере алады. Қытайдың шығыс 2 қаласын байланыстырады: Нанкин мен Шанхай. Бұл көпірдің 9 км бөлігі Янчэн көлінің үстінен өтеді.

Сіз білмеген дерек: әлемдегі ең үлкен ондық

https://turkystan.kz/article/199826-siz-bilmegen-derek-elemdegi-en-ulken-ondyk/

Leave A Reply

Your email address will not be published.