Өскеменде көпқабатты үйдің балконынан 3 жасар бала құлап кетті

166

Өскемен қаласында көпқабатты үйдің балконынан 3 жасар бала құлап кетті.

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 2 мамыр күні сағат 18:24-те Виноградов көшесінде болған.

«2018 жылы туған бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті. Үйде әкесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері баланы бірден ауруханаға жеткізді. Қазір бүлдіршін Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызыл», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар көп жағдайда балалар ата-анасы қараусыз қалдырған кезде құлайтынын ескертті.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.