Назарбаев Антикордағы қызметінен босатылды

99

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бұйрығымен Е.Назарбаев агенттіктің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды, — деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде полицейлер көлігі қараңғыланған (тонировка — еск.) көлікті тоқтатқан видео тараған болатын. Автокөлік иесі Антикор қызметкері екені айтылған болатын.

Агенттік мәліметінше, Ербол Назарбаев 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен қызметінен босатылған.

Биыл 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.