УЕФА Ресейге қарсы санкция жариялады

327

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы УЕФА ресей клубтарын 2022-2023 маусымында Еуропа турнирлеріне Украинадағы қақтығысқа байланысты қатыстырмайтын болды, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.

Қауымдастықтың мәлімдемесіне сәйкес, ресей клубтары Ұлттар лигасы, Еуропа лигасы, 2023 жылғы Еуропа жастар кубогы мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатыса алмайды.

«УЕФА Атқарушы комитеті 2022 жылғы 28 ақпандағы ресей құрамалары мен клубтарын УЕФА жарыстарынан алып тастау туралы қаулыға қосымша шешім қабылдады. Ол шешім турнирдің қатысушылар үшін қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды», — делінген ұйымның хабарламасында.

Ресей әйелдер құрамасы да Еуропа чемпионатында өнер көрсетпейді, оның орнына Португалия ойнайды.

Сонымен қатар УЕФА Ресейдің 2028 және 2032 жылғы Еуропа чемпионатын өткізу туралы өтінішін қабылдамай, бұл шешімді тиімсіз деп атады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.