Жомарт жүрек иелері марапатталды

1 295

Жомарттық — қазақ халқының бойынан тез табылатын қасиет. Жомарт болу үшін қалтаның қалыңдығы мен малдың саны қажет емес. Ол үшін жақсылыққа жаны құмар, айналасына жанашыр жүрек болса жеткілікті. Иісі қазаққа қасиетті жұма күні жомарт жүректі жандар марапатталды.

Бүгін аудан әкімі Ж.Айтақов  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес туған жерін түлетуге ат салысып, әл-ауқаты әлсіз топтарға көмек қолын созып, шарапат шуағы шашып жүрген бір топ азаматтарды арнайы Алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық тапсырды.

Атап айтқанда осы  жылдың күзінде ашылады деп жоспарланған «Белбасар» заманауи спорт кешенінің демеушісі, атпал азамат Болат Оспанұлы Сауранбаев «Жыл меценаты» атанды.  Ауданның құрметі азаматы өзінің туған ауылына құны 350 млн. тұратын қос қабатты, 400 орындық заманауи спорт нысанын салып, ауылдағы ағайынға қайырымдылық жасаған болатын.

Елді мекендерді аббаттандыруға, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясы бойынша Сағадат Нұрмағамбетұлы Мадалиев марапатталды.    Әлеуметтік маңызы бар жобалар мен акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек беруде және қоғамдық маңызы бар шараларға  демеушлік жасағаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша Серік Уәшұлы Асатов басқаратын ұжым  марапатталды. Ал, өзінің қаржысына көп балалы  анаға үй алып берген Айдын Николаевич Жортаров «Жыл тұлғасы» номинациясына ие болды. Қоғамдық жұмысқа белсене қатысып, елеулі оқиғаларда шет қалмай ерікті ретін елге еңбек етіп жүрген  Еркін Төлебаев пен  Қуат Ақбаев  «Ерен еріктілік»  аталымына ие болып,  ардақталды.

Ауданымыздағы игі істердің бастамашысы болып жүрген жандар азаматтардың бір парасы ғана. Бұдан өзге жақсылығы мен жомарттығы бар шулықтар баршылық.  Марапат соңы Мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауғы ойлы әнге ұласып, жиналғандар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.