6-сынып оқушылары арасында «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жарияланды

171

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) Сауалнама толтыру;

3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

4) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі.

5) Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:

Дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін,

Сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақыты: 12.00-13.00-ге дейін.

Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу үшін онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сізге құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.

Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:

Тараз ФМБ, Арай массиві, Домалақ ана көшесі, 266

Байланыс: 8 (7262) 99-98-56, 8 775 643 71 19,  trz.nis.edu.kz

Құжат 2022 жылдың 21 ақпанына дейін қабылданады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.