236 медицина қызметкерін вакцинациялау жоспарлануда

296

Коронавирус індетіне қарсы екпе жасау вакцинаны салдыру Т.Рысқұлов ауданында кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Т.Рысқұлов ауданында жұқпалы аурулар, жедел медициналық көмек, реанимация, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинамен қамтылды.
Бірінші кезеңде Ресейде шығарылған, Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасы 2 компонентті, яғни вакцина 21 күндік аралықпен екі кезеңмен егіледі. Т.Рысқұлов ауданының ауруханасының вакцина салдуруға медицина қызметкерлерін ынталандыру мақсатында Бас дәрігер Ш.К.Мырзалиев өзі бірінші болып коронавирус індетіне қарсы екпе жасау вакцинаны салдырды.
Т.Рысқұлов ауданында 2021 жылдың 4 ақпанында аудандық орталық емханада коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 1 компоненті 50 адамға салынды, вакцинадан кейінгі асқыну, қолаңсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Емханада егу жұмыстары қатаң түрде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастырылған. Яғни емханаға кіре берісте термометрия жүргізу, фильтр, егу бөлмесіне жол сілтейтін көрсеткіштер, егілетін адамдарға арналған көрнекі материалдар, санитайзерлер орналастырылған. Егу алдындағы дәрігердің қабылдау, вакцинациялау және егуден кейін 30 минут бақылау үшін арнайы бөлмелер жабдықталған. Емхананың оқытылған медицина қызметкерлерінің командасы егу жұмыстарын жүргізудің әрбір кезеңінде (тексеру, вакцина туралы ақпараттандыру, вакцинация, бақылау) өз міндеттерін нақты орындады.
Екінші кезеңде вакцинация жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызметкерлерін қамтиды. Жалпы аурухана бойынша екінші кезеңде 236 медицина қызметкерін вакциналау жоспарлануда.
Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтарын, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдарды, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін қамтиды.
Бұдан басқа, кейін халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.
Адамдар неғұрлым көп вакцинация алатын болса коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеті қалыптасқан адамдар саны көбейеді, бұл вакцинацияланбаған адамдар үшін де ауырып қалу ықтималдығын азайтады. Яғни, біз ұжымдық иммунитетті неғұрлым тез дамытсақ, соғұрлым тезірек біздің облысымыздың және бүкіл елдің тұрғындары арасында коронавирустың таралуын тоқтата аламыз.
Бүгінгі таңда коронавирустық инфекция эпидемиясы кезінде вакцинация-бұл қауіпті инфекциямен күресудің ең тиімді шарасы!

Leave A Reply

Your email address will not be published.