2320 шаруашылыққа 3,5 млрд. теңге субсидия төленді

68

Жыл басынан бері салада 14,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2,2%-ға артты. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 310,3 млн. теңге инвестиция тартылды.

Биыл 2024 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдары 644,8 мың гектар алқапқа орналастырылады. Оның 364,7 мың гектарына дәнді және дәнді бұршақты, 45,7 мың гектарына майлы дақылдар, 7,9 мың гектарына қант қызылшасы, 4,5 мың гектарына картоп, 23,1 мың гектарына көкөніс, 7,9 мың гектарына бақша дақылдары, 190,5 мың гектарына мал азығы дақылдары егіледі.

Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 44,8 мың тонна тұқымның 42,9 мың тоннасы яғни, 95,7%-ы қолда бар. Жетіспейтін тұқым көлемі облысымызда және көрші облыстарда тұқым өндіруге және сатуға аттестатталған шаруа қожалықтар тарапынан толықтырылатын болады.

zhambylokq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.