2023 жылы әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады

1 744

Үкімет басшысы тиісті қаулыға қол қойды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады. Бұл туралы Үкімет қаулысы шықты.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылы еңбек ету қабілетінен айырылған, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жандарға тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 8,5 пайызға артады.

«Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс», – деп жазылған қаулыда.

https://informburo.kz/kaz/newskaz/2023-zhyly-aeleumettik-toelemderding-moelsheri-artady?utm_source=smi24

Leave A Reply

Your email address will not be published.