Жұмыс берушілер үшін зейнетақы жарнасын енгізу бір жылға шегерілді

97

Заң жобасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырылады.

Ашық НҚА порталында жұмыс берушілерден БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы Үкімет қаулысына түзетулер жобасы жарияланды.

Түзетулерге сәйкес, заң жобасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ал бұрынғы қаулыда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті төлемді енгізу ұсынылған.

Осылайша, жоба кезең-кезеңімен 1,5%-дан басталып, 2028 жылға қарай 5%-ға дейін өседі. Бұл жұмыс берушілерге қаржылық жүктемені болдырмау үшін жасалды, –  делінген жобада.

 

https://halyq-uni.kz/aleumet/12335-zhumys-berushiler-ushin-zeinetaky-zharnasyn-engizu-bir-zhylga-shegerildi/?utm_source=target&utm_medium=post&utm_campaign=hu

Leave A Reply

Your email address will not be published.