150 көпбалалы отбасыларға және жетім балаларға ауызашар жиынтығы таратылды

193
Қасиетті Рамазан айы игі істерді мейлінше көбірек жасап, көлкөсір сауапқа кенелетін ай. Дін өкілдерінің айтуынша, ізгі амалдар сауабының еселенуінің бір сыры оның орындалған уақытына байланысты. Сондықтан айлардың сұлтанында қайырымдылық шаралары көбірек ұйымдастырылып, мұсылман жамағаты жақсылық жасаудан жарысуға асығады.
Бұл айда Қордай ауданында да қолға алынған игі істер жоқ емес. Соның бірі бүгін аудандық орталық мешітінде өтті. «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының атынан аудандағы 150 көпбалалы отбасыларға және жетім балаларға ауызашар жиынтығы таратылды.
«Қызыл ай» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Оразкүл Тастемірованың айтуынша, 2005 жылдан бері қайырымдылықпен айналысып келе жатқан ұйым биыл алғаш рет осындай ауқымды шара өткізуде: «Жыл сайын қайырымдылық шараларын облыс орталығында өткізетінбіз. Биыл Қордай ауданына арнайы келіп, ұйымдастырып жатырмыз. Алдағы уақытта Қордай ауданынан арнайы өкіл сайлап, бірлестіктің жұмысын одан әрі жандандырсақ деген ниетіміз бар»,-дейді Оразкүл Тойбекқызы.
Мұқтаж отбасылар азық-түлік толтырылған себеттерді алып, «Қызыл ай» бірлестігіне зор алғыстарын жеткізді.
Қордай ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.