6 шілде — Елорда күні мерекесіне орай Қордай ауданындағы Қордай және Әлжан ана ауылдық округтеріндегі мәдениет үйлерінде Қордай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік концерт қойып, «Зерде» жылжымалы киноқондырғысы арқылы «Елбасы жолы» атты фильмді ауыл тұрғындарының назарына ұсынды. Елбасының өмір жолынан түсірілген фильмді көрсету кезінде еліміздегі коронавирус пандемиясына қатысты карантин режимі талаптарының сақталуы қадағаланды. Өз кезегінде көрермендер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ғұмырынан тағылым алып, ел үшін қабылдаған маңызды шешімдеріне тәнті болып, тарқасты.
Айта кетерлігі, Қордай ауданында 6 шілде – Елорда күніне орай бірқатар іс-шаралар жоспарлануда. Атап айтсақ, 2 шілдеде ауылдық округтерде 6 шілде – Елорда күніне орай «Нұрсұлтан –алтын қала» тақырыбында плакаттар байқауы, 2-4 шілде аралығында аудандық мәдениет үйінде Елбасының өмір жолынан түсірілген фильмдердің халыққа тегін көрсетілімі, 2-6 шілде аралығында аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеттерін тарату, 3 шілдеде ауылдық округтерде «Нұрлы қала — Нұрсұлтан!» атты жастар акциясын және спартакиада, 3 шілдеде Отар ауылындағы «Отар» стелласы мен спорт алаңшасының ашылуы, 3 шілдеде аудандық орталық кітапханада «Нұрсұлтан – жердің кіндігі, Нұрсұлтан – елдің бірлігі» атты библиошар, 3 шілдеде Қаракемердегі спорт алаңшасының қолданысқа берілуіне орай салтанатты шара, 3 шілдеде Қаракемер ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ашылуы, 3 шіледеде «Елбасы еңселеткен Елорда!» атты мерекелік салтанатты шара, концерттік бағдарлама, 5 шілдеде жасөспірім ұлдар және қыздар арасында тоғызқұмалақтан онлайн жарыс ұйымдастырылып өткізіледі.
Ал ауылдық округтерде тақырыптық безендірулермен қатар, концерттік бағдарламалар, спорттық іс-шаралар, жалғызбасты, жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмектер ұйымдастыру жоспарлануда.
Келесі