«Фәни – құбылыс»

173

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Aq jol» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, ақын Хамит Есеманның «Фәни – құбылыс» жаңа туындысының аудио үнтаспасы мен қатар нүктелі – бедерлі Брайль қарпіндегі тұсаукесер рәсімін өткізді.

«Жас ақын жырлайды» деп аталатын әдеби кеште жинақтың тұсаукесерімен қатар ақынның өлеңінен заманауй үлгідегі көрініс көрермендер назарына ұсынылды.

Әдеби шара барысында зиялы қоғам өкілдері, жергілікті қаламгерлер, әріптестері мен оқырмандар «ақынға — 100 сұрақ» форматымен түрлі көкейкесті сауалдарын қою арқылы қаламгерімізді жан – жақты қырынан тани алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.