Тараз қаласында республикалық айтыс өтеді

265

Жыр додасына республиканың барлық аймағынан 16 ақын қатысады.

Таразда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай республикалық айтыс өтеді.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы өтеді. Айтыс облыстың 85 жылдығын мерекелеу аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай ұйымдастырылуда.

Жыр додасына республиканың барлық аймағынан 16 ақын қатысады. Айтыс жүргізушісі – белгілі ақын, Парламент депутаты Аманжол Әлтаев.

Айтыс 1 наурыз күні А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өтеді.

 

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.