Жақыныңа жанашыр бол!

333

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жақыныңа жанашыр бол!» атты акция өткізілді. Акцияның мақсаты–волонтерлардың көмегімен халық көп шоғырланатын жерде денсаулықты сақтау, үй жағдайында коронавирустан қалай емделуге болатынын түсіндіретін үнпарақтар тарату болып табылады. Акция барысында волонтерлар қала тұрғындарына 200-ден аса тегін бетперде таратып, 300-ге жуық үнпарақтар таратты.

Сонымен қатар. облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы жанынан құрылған «Әулиеата жастары» волонтерлық штабы COVID-19 пандемиясы таралған уақыттан бері волонтерлардың көмегімен тұрақты түрде денсаулықты сақтау, індетпен күресу жолдары туралы және аурудың алдын алу, тазалық сақтау сынды тақырыптар аясында 18 мыңнан астам үнпарақ таратты.

Волонтерлар «Жақыныңа жанашыр бол!» ұранымен Самал (7) мөлтек ауданы, Мыңбұлақ (9) мөлтек ауданы, Тараз қаласында орналасқан банк бөлімшелеріне барып, халық көп шоғырланатын орындарда үнпарақтар мен бетперделеді таратты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.