13 жылдан бері құжатсыз жүрген өзбекстандық анықталды

76

Атырау облысында 13 жылдан бері құжатсыз жүрген өзбекстандық анықталды. Шетелдік әйел Қазақстан азаматына тұрмысқа шыққан деп хабарлады turkystan.kz. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мигрант» іс-шарасы кезінде 13 жылдан бері елден кетпей жүрген шетелдік анықталған.

«Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Қайырбек Қамаладенов әкімшілік аумақтағы тұрғын үйлерді тексеру кезінде өзбекстандық әйелді анықтап, көші-қон қызметі тобына жеткізді. Аталған топ қызметкерлері шетелдік әйелдің Қазақстан Республикасының аумағына 2010 жылдары кіргенін анықтады. Содан бері құжатының елде болу мерзімі біткенін біле тұра, Қазақстан аумағынан шығып кетпеген. Өзбекстандық әйел Қазақстан азаматына күйеуге шығып, заңды некеге отырған. Екі баланы дүниеге әкелген. Шетелдіктің түсіндіруінше, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға ниеті бар. Бірақ, 13 жылдан бері азаматтық алуға қажетті құжаттарды толық жинақтап тапсырмаған» – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты Қызылқоға аудандық полиция бөліміне қарасты көші-қон қызметі тобының қызметкерлері хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттары Қызылқоға аудандық сотына жіберілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.