Нұрқанат Райыс жартылай финалға өтті

127

Болгарияның София қаласында бокстан өтіп жатқан «Страндж» халықаралық турнирінде Нұрқанат Райыс қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты деп хабарлады turkystan.kz.

75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрқанат Райыс өзбек боксшысы Балахон Абдуллаевты екі рет нокдаунға түсіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрқанат Райыс бокстан кіші әлем чемпионаты аталып кеткен турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медальға қол жеткізді. Айта кетейік, Райыс Азия-2022 чемпионатының күміс жүлдегері. Ал, қарсыласы, Алохон Абдуллаев қаңтар айында 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионатының «алтынын» жеңіп алды.

 

https://turkystan.kz/article/214706-nurkanat-rayys-zhartylay-finalga-otti/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.