Жетісу облысының прокуратурасы мал ұрлығына қатысты істер бойынша мемлекеттік айыптауды қолдау кезінде қылмыс құралдарын тәркілеу мәселесіне ерекше назар аударады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот практикасы көрсеткендей, ұрланған малды тасымалдау үшін пайдаланылған автокөлікті алып қою түріндегі құқықтық салдар қылмыстық жолмен табылған табыс көлемінен бірнеше есе асып түседі.
Мәселен, Қаратал аудандық сотының үкімімен үш адам екі бас ұсақ малды ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Шығын сомасы 140 мың теңгені құрағанына қарамастан, сотталғандар үшін материалдық шығын айтарлықтай жоғарыболды.
Сот прокурордың уәждеріне сүйене отырып, кінәлілерге 5 жылға шартты түрдебас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және қылмыс құралы ретінде автокөлікті мемлекет пайдасына тәркіледі. Осылайша, бір реттік заңсыз пайда табу әрекеті бағалы мүліктен айырылуға және соттылыққа әкеп соқты.
Осындай сот практикасы Панфилов ауданында да қолданылды. Онда жергілікті тұрғын мал ұрлағаны үшін 5 жылға шартты түрде сотталып, оның көлігі қайтарымсыз негізде мемлекет меншігіне алынды.
Облыс прокуратурасы мал ұрлығы үшін мүлкін тәркілеумен бірге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279743-zetisu-oblysynda-mal-urylarynyn-mulki-memleket-kirisine-tarkilendi