istockphoto.com
Ұлытау облысында халықаралық есірткі жеткізу арнасы жойылды: 14 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Ұлытау облысының арнайы прокурорлары Қазақстан Республикасы аумағында «Kaef Mafia» Telegram-дүкені арқылы синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Анықталғандай, қылмыстық схемахалықаралық сипатқа ие болып, есірткі құралдарын жеткізу, буып-түю және тарату функцияларын атқарған тұрақты қатысушылар желісін қамтыған, ал төлемдер криптовалюта арқылы жүргізілген.
Сонымен қатар, топтың негізгі мақсаттарының бірі азаматтарды, оныңішінде жастарды психотроптық заттардың заңсыз айналымына жүйелі түрде тартуболған.
Бұған дейін, 2025 жылы Ұлытау облысы сотының үкімімен аталған топтың екі қатысушысы кінәлі деп танылып, 16 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Үкім заңдыкүшіне енген.
Осыған қарамастан, арнайы прокурорлардың одан әрі жүргізген жұмыстары барысында қылмыстық желінің қалған бөлігі әшкереленді. Тергеу аясында анықталмаған тұлғаларға қатысты жеке қылмыстық іс бөлінді.
Жедел-тергеу іс-шараларының кешені нәтижесінде Қарағанды және Ұлытау облыстарының аумағында қылмыстық схеманың үш қатысушысы ұсталды. Олардан ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.
Ұсталғандардың цифрлық тасымалдағыштарын талдау қосымша қатысушыларды анықтауға мүмкіндік берді. Кейін Жезқазған қаласының тағы екі тұрғыны ұсталып, олардан шамамен 1 килограмм психотроптық заттар табылды.
Қылмыстық тізбекті жүйелі түрде пысықтау барысында арнайы прокурорлар жеткізушілердің біріне шықты. Одан 850 грамм есірткі заттары тәркіленді.
Кейінгі іс-шаралар барысында жеткізу арнасы анықталып, жөнелтуші ретінде Қарағанды қаласының тұрғыны белгілі болды. Оның тұрғылықты жерінен тағы 800 грамм психотроптық заттар алынды.
Жүргізілген операция нәтижесінде трансұлттық есірткі желісінің буыныжойылып, оның қатысушылары ұсталды, заңсыз айналымнан шамамен 3,5 килограмм синтетикалық есірткі заттары шығарылды.
Қазіргі уақытта үш айыпталушыға қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда, тағытөрт тұлға бойынша сотқа дейінгі тергеуаяқталу сатысында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279746-ulytau-oblysynda-xalyqaralyq-esirtki-zetkizu-arnasy-zoiyldy