Жазасын өтеушілерге мейлінше жағдай жасалуда

395

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесі тылдық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерімен ағымдағы кезеңде контингенттерге арналған көрпе-төсек жабдықтары, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жұмыстар атқарылды.

Мекемеде жазасын өтеушілерді материалдық киім-кешек, төсек жабдығы, азық-түлік және тұрмыстық коммуналдық жайлармен жабдықтау жұмыстары толғымен жүргізілуде. Күнделікті кестеге сай кір жуу, моншаға түсу жұмыстары өткізіліп жатыр. Сотталғандар ыстық тамақ, киім-кешек, төсек жабдығы және жоғары сападағы азық-түлікпен қамтамасыз етілген.

Жалпы, ағымдағы жылдың жоспарына тауар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу үшін қаражат қарастырылып, ол веб-порталға енгізіліп бекітілді. Сондай-ақ, мекеме бөлімдері берген өтінімдер бойынша тиісті нормаларға сәйкес алдағы жылдарға арналған бюджеттік өтінім жасалынды. Жыл басынан электрондық веб-порталы бойынша баға ұсыну, өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден сатып алу және ашық конкурс тәсілімен хабарландырулар ойнатылды.

«Міндетті сақтандыру жарналары» және жеке қаржыландырудың жоспары бойынша ағымдағы жылға қаражат бөлінген. Автокөлік иелерінің азаматтық құқықты жауапкершілігін сақтандыру қызметіне келісім-шарт жасалынды.

Бүгінгі таңда ҚР Үкіметінің талаптарына сай барлық азық-түлік тізбесі бойынша тауарлар сәйкестік сертификаттарымен сатып алынған. Азық-түліктер тиісті нормалар есептеуімен режим күзет аумағына кіргізіледі. «Азық-түлік өнімдерін сатып алу» жеке қаржыландырудың жоспары бойынша тиісті қаражат бөлінген.

«Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу» үшін де қажат бөлінген. ҚР Үкіметінің  талаптарына сәйкес «Дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу» туралы бекітілген ережелер бойынша медициналық препараттар баға ұсыну тәсілімен сатып алынды.

Бұдан бөлек, «Заттық мүліктерді, нысанды және арнаулы киім-кешектер сатып алу, тігу және өңдеу», «Отын жанар-жағармай материалдарын сатып алу» сонымен қатар «Өзге де қорларды асатып алу» бойынша тиісті қаражаттар бөлінді. Яғни, жыл соңына дейін 100 пайыз қаматасыз етілмек.

Бекмурат СОКЖАНОВ,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/1 мекемесінің тылдық қамтамасыз ету бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.