Жеке құраммен кездесу өтті

58

№67 мекемесінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және Қазақстан Республикасының рақымшылық жасау туралы заңының талаптарын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Іс-шараны әділет капитаны Айнакұлов Бағжан Нұрсұлтанұлы жүргізді. Кездесу барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, құқық бұзушылықтардың алдын алудағы әрбір қызметкердің жауапкершілігі, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары, сондай-ақ қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының рақымшылық жасау туралы заңының негізгі талаптары, оны қолдану тәртібі, рақымшылыққа ілігу шарттары мен шектеулері бойынша толыққанды түсіндірме беріліп, қызметкерлердің сұрақтарына заң талаптарына сәйкес жауаптар ұсынылды.

Кездесу соңында жеке құрамға заңдылықты қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеу және қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау қажеттігі атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.