Жастар экскурсия ұйымдастырды

279

Аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың шілде айының 13 жұлдызында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бизнес-тренері Н.Айдарбектің ұйымдастыруымен «Жас келсе — іске» тақырыбында  этномәдени орталықтардың жастарымен ауданның шаруа қожалықтарына  экскурсия ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру,  жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастардың кәсіпкерлік саласын таңдауға көмектесу, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету және ынталандыру, жастарды ауданымыздың шаруа қожалықтарының жұмыстарымен таныстыру.

Шара барысында, Сұрат ауылдық округіне қарасты Сұрат ауылындағы ЖК Сатымбаева Қарақаттың пилоттық бағдарлама аясында ашқан шағын шырын өңдеу цехының жұмыс барысымен, Сұрат ауылдық округіне қарасты Сұрат ауылында пилоттық бағдарлама аясында құрылған «Даму Сұрат» кооперативінің егін науқаны кезінде атқарып жатқан жұмыстарымен, Андас батыр ауылдық округінде орналасқан «Бахор» шаруа қожалығының жұмысымен, Андас батыр ауылдық округінде орналасқан ЖК Сокубашев Азаматтың таңқурай шаруа қожалығымен танысу мақсатында өзге ұлт өкілдері жастарымен экскурсиялар өткізілді. Экскурсия барысында, шаруа қожалық иелері жастардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптар берді.

Іс-шараға 20 жас қамтылды.

Назерке  Айдарбек,

Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бизнес-тренері 

Leave A Reply

Your email address will not be published.