«Жастар — ел жанашыры»

992

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселері басқармасының «Волонтерлар мектебінің жұмысын үйлестіру, жүргізу және олардың әлеуетін кеңінен пайдалану бағытындағы шараларды үйлестіру» тақырыбындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы шеңберiнде «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры а.ж. маусым және қыркүйек айлары аралығында Жамбыл облысы аудан орталықтары мен Тараз қаласында жастарға арналған түрлі іс-шаралар өткізді. Нақтырақ тоқталсақ, «Мейірім үшін алғыс» акциясы шеңберінде воллейбол, шахмат, дойбы, футбол, асық атудан жарыстар ұйымдастырылды. Және бір айтары, ұлттық өнер және қолөнер байқауларында аудандарда жастар бақ сынасты. Жастар арасында интеллектуалды жарыстар да ұйымдастыру шет қалмады. Брейн ринг пен пікірсайыс турнирларында жастар белсенділік пен білімділікті көрсетті. Елеулі даталарда бірнеше акциялар мен флеш мобтар ұйымдастыру елеусіз қалмады.

Сонымен қатар, жоба шеңберінде жиырмадан аса қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, сенбіліктер, қараусыз қалған қарияларға көмек қолын созу т.с.с.

Кездесулер мен байқауларға колледж студенттері мен оқытушылар, жоғарғы сынып оқушылары мен жас мамандар қатысты. Іс-шаралар барысында түрлі маңызды мәселелер мен салмақты әңгімелер айтылды. Жастар тарапынан волонтерлыққа асқан қызығушылық байқалды. Себебі, әрбір дамыған мемлекетте тап осы еріктілер орасан қозғаушы күш екендігі көпшілікке мәлім. Ерікті деген ­­­­- елінің, жерінің болашағына бей-жай қарай алмайтын, жанашыр, елгезек азаматтар мен азаматшалар. Дәл осындай елім деген жастарымыз көп болса, ел ертеңі үшін уайымымыз азайар еді. Мағжан ағамыздың:

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн! » деген өлеңінің үзіндісінен біздерге, жастарға, орасан үлкен сенім артылып отырғанын байқауға болады. Демек, ендігі іс, біз жастарға, тек сенімді ақтау ғана қалған екен!

Leave A Reply

Your email address will not be published.