Жаңа оқу жылы қарсаңында

611
Жыл сайынғы дәстүрге сәйкес жаңа оқу жылының басында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі атқарылған жұмыстарды қорытындылап, келер оқу жылына мақсаттар мен міндеттер қояды. Мектепке дейінгі білім берудің маңыздылығы зор, өйткені баланың мектептегі оқуы бүлдіршіннің 6 жасқа дейін қалыптасқан білімі мен қабілетіне тікелей байланысты. Осы орайда, Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды жеке секторды тарту арқылы мектепке дейінгі ұйымдармен 100% қамтуға қол жеткізуді міндет етіп қойған болатын. Осы ретте балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту көрсеткіші 93%-ға жетіп отыр.
Орта білімнің жаңартылған мазмұнын енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Жаңа оқу жылынан бастап 3, 6, 8 — сыныптар мазмұны жаңартылған бағдарламамен оқи бастайды, ал 4, 9, 10 — сыныптарда апробация басталады. Республика бойынша оқулықтарды мектептерге жеткізу 99,4%-ды құрады. Оқулықтардың сапасын жақсарту шеңберінде қыруар жұмыстар жасалды.
2018-2019 оқу жылынан бастап «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру аясында мектеп бағдарламасына «Өлкетану» пәні енгізіледі.
Биылғы оқу жылынан бастап «Информатика» пәні 3-ші кластан оқытылады, бұрын-сонды 5 сыныптан болатын. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында информатика пәні келесі жылдан бастап 1-2 сыныптардың оқу бағдарламасына енгізілетін болады.
Цифрландыру, IT технологиялар мен робототехниканы дамыту үшін қосымша білім берудің мүмкіндіктерін пайдалану керек. Өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар робототехника, бағдарламалау, 3D-принтинг сыныптарын ашуда. Қазіргі уақытта 1 500 мектепте осындай сыныптар жұмыс істейді. Алдағы уақытта барлық өңірлерде IT-лицейлерін ашу жоспарда бар. Биыл дүниежүзілік банк қарызы есебінен ауыл мектептерінің материалдық техникалық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар басталады, сондай-ақ мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастырылатын болады. 5324 ауылдық мектептер 56977 компьютер кешендерімен қамтылатын болады. Бөлінген қаражат көлемі — 24 млрд. 120 млн. теңге.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі тарапынан алғаш рет педагогтар толтыруға тиіс құжаттардың тізбесі бекітілді.
Ол тек бес құжат — күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, сабақ бойынша жоспарлау, крийтерийлік бағалау, күнделік және сынып журналы. Бұл құжаттардан басқа мұғалімдерден ешқандай есеп, қағаз талап етілмеуі тиіс.
Биыл педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Аттестаттауға мамыр айында 60 мыңға жуық мұғалімдер қатысып, олардың ішінен 36 мыңнан астамы аттестациядан өтті. Аттестаттаудың жаңа жүйесі еңбекақыны 30% -дан 50%-ға дейін арттыруды көздейді. Сонымен бірге, ағымдағы жылы 110 мыңнан астам педагогтар республикалық бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтуде.
8 мыңнан астам пән мұғалімдері жеке пәндерді ағылшын тілінде оқыту мақсатында тілдік курстарда оқуда, оның ішінде 5 мыңға жуығы осы оқу жылынан бастап сабақ беруге кіріседі.
1 қыркүйектен бастап жан басына қаржыландыру механизмі Астана қаласындағы 79 мемлекеттік және 8 жеке мектепке енгізілетін болады. 2019 жылғы қыркүйектен бастап қаржыландырудың бұл жүйесі Алматы қаласындағы 192 мемлекеттік мектеп пен Шымкент қаласындағы 127 мектепке енгізіледі деп жоспарлануда. 2020 жылғы қыркүйектен бастап жан басына қаржыландыру республиканың барлық қала мектептеріне толықтай енгізілетін болады. Сонымен, оқушылар саны неғұрлым көп болған сайын, бөлінетін қаражат көлемі де ұлғая түспек. Осы ретте балалардың қызығушылықтары мен сапалы білім алудағы құқықтарына баса назар аударылатын болады. Жан басына қаржыландыруды жүзеге асыру қазақстандық білім беру жүйесін жетілдіру және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру барысында жасалған үлкен қадам.
Биыл 72 мектептің үшеуі Ақмола облысында, Ақтөбеде — 9 мектеп, Алматыда — 6, ШҚО — 1, Жамбыл — 4, БҚО — 3, Қарағанды — 3, Қызылорда — 5, Маңғыстау — 8, Түркістан — 20, Алматы – 7, Астана қаласында – 3 пайдалануға беріледі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Академиялық дербестік туралы Заң ЖОО-ларға білім беру бағдарламаларын жедел негізде жаңартуға мүмкіндік береді. «Атамекен» ҰКП-мен жасалған білім беру бағдарламаларының рейтингі ЖОО-ларға бағдарламаларды жаңарту барысында айқын бағыт-бағдар беріп отыр. Өз кезегінде, университеттерге қойылатын біліктілік талаптары артатын болады.
Елбасының тапсырмасына сәйкес «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер саны 54%-ға артты. Бұл өз кезегінде соңғы 5 жылда орын алған колледж студенттері қатарының азаюы үрдісін тоқтатуға септігін тигізеді. «Білім туралы» Заңның кәсіптік-техникалық білім беру бөлігі бойынша толықтырулар енгізілді (бағдарламалар, педагогтар және талаптар). WorldSkills талаптары негізінде білім беру мазмұнының жаңартылуы үшін барлық 246 мамандық бойынша модульдік бағдарламалар жасалып, бағдарлама мазмұны мен күтілетін нәтиже жұмыс берушілермен келісілген. Қазақстан WorldSkills халықаралық чемпионатына үш мәрте қатысып, 2017 жылы 77 елдің арасында 24 орынды иеленді. Көрсеткіштер бойынша 26 позицияға жақсару байқалады. Демек, жаңа бағдарламалар өз жемісін беруде.
Кредиттік оқыту технологиясы. Жаңа оқу жылының басталуымен 46 колледжде серіктес ЖОО-мен бірлесе пилоттық жобалар жүзеге асырылатын болады. Ендігі кезекте, колледж студенттерімен алынатын кредиттер ЖОО-ға ауысу кезінде автоматты түрде есептелетін болады. Келесі жылдан бастап «Атамекен» ҰКП колледждер рейтингін жүргізеді, бұл нарық талаптарын ескере отырып мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, білім беру бағдарламаларын оңтайландыру барысында септігін тигізетін болады. Бүгінгі таңда кәсіптік-техникалық білім беруде сұранысқа ие емес 109 мамандық қысқартылды, нәтижесінде 20 колледж біріктірілді. Кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы қызметкерлердің беделін арттыру үшін 2020 жылдан бастап орта білім беру жүйесіндегідей Ұлттық біліктілік тестілеуін енгізу жоспарда бар. ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.