Жаңа маусымда «JAMBYL» телеарнасында қандай бағдарламалар жарық көреді?

802

Тараз қаласында өтіп жатқан «JAMBYL» телеарнасының жаңа маусымының тұсаукесерінде арна директоры Жасұлан Әбдіхалық халық назарына ұсынылатын телебағдарламалармен таныстырып өтті.

– Әр таң сайын көрерменмен қауышатын «Рауан»  ақпаратты – танымдық, сазды бағдарламасы 2 сағат бойы тікелей эфирге шығуды жалғастырады. Кез — келген көрермен пайдалы мағлұмат алумен қатар, қоңырау шалып теледидар арқылы ой пікірін, тілегін жеткізе алады.

Сонымен қатар, жаңа маусымда «ALAMAN» атты ашық пікір  додасы көрерменге жол тартады.  Саяси салмағы бар ток – шоуды жүргізу белсенді жастар, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа мен Ернұр Мадияровқа жүктеліп отыр.  Эфирге қоғам белсенділерін тарту тәжірбиеде бұрыннан қалыптасқан тәсіл болғандықтан, «Аламан» нағыз ой-пікір бәйгесіне айналады деп сенеміз, – деді арна басшысы.

Сонымен қатар, өнегелі өткеніміздің қыры мен сырын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында арна жаңа жоба ашып отыр.  Ол — ḠASYR  KERẎENI  деп аталады. Бұл – тарихи танымды таразылайтын интелектуалды ойын.

DAMẎ. KZ – мемлекеттік бағдарламаларды, даму жолындағы жетістіктерді   насихаттайтын тележоба.  Сан – саланың тынысы мен жұмысын таразылап, көрерменге  телетарту жасап  отырады.

ДОСТЫҚ ДАСТАРХАНЫ, ФИЛОСОФИЯ ВКУСА   — түрлі ұлттар мен ұлыстардың  ұлттық тағамы туралы бағдарлама. Бірақ, хабар  барысында тек тамақ туралы айтылмайды, сол халықтың тыныс тіршілігі, дәстүрі, Қазақ еліндегі берекелі бірліктегі — тірлігі туралы да ой қозғалады.

– Өздеріңіз білесіздер, «Қазақстан» корпорациясының басқарма төрағасы Ерлан  Қариннің бастамасымен былтыр «Men QAZAQPYN» халықаралық дәстүрлі өнер додасы бастау алған болатын. Биыл аймақтағы іріктеу шаралары барысында  біз түрлі ұсыныс, пікірлерді ескере  отырып, қазақтың дәстүрлі әні мен күйіне және термесіне эфирден орын беруді жөн деп таптық.  Бірақ,    «JAMBYL»  арнасындағы «Мен қазақпын» жобасы байқау ретінде емес, ұлттық өнерді насихаттау көкжиегін кеңейту  мақсатында жалғасады.

        Жаңа маусымда       «JAMBYL»  арнасындағы жаңалықтың бірі «КЕШ ЖАРЫҚ»   жобасы болғалы тұр. Студиялық бағдарлама сенбі және жексенбі күндері  1 сағат тікелей эфирге шығады. Еркін форматтағы,  сұхбатты – ән- сазды  хабар. Бұл жобаның басты мақсаты — әлеуметтік желі мен ватсап мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып көрерменмен кері байланысты нығайту.   Яғни, көрерменге тікелей эфирде аудио  және бейнебайланысқа шығуға мүмкіндік беретін боламыз.

ӨНЕРTIME  — жаңа маусымға көрерменге ұсынар жаңа жобаларымыздың бірі .   Әлбетте, өнердің қамтитын ауқымы кең,  театр, әдебиет, эстрада, тіптен қазір, тойдың өзі ұлттың мәдени ордасына айналып бара жатқан сыңайлы.  Міне осындай маңызды мәселелер майдан қыл суырғандай талданып, өрелі ой  өлеңмен өріліп, әнмен көркемделіп отыратын жаңа форматтағы —  өнер кеші.

Leave A Reply

Your email address will not be published.