«JAMBYL» телеарнасы жаңа бастаманы қолға алады

928

«JAMBYL» телеарнасы әлеуметтік роликтер түсіруді қолға алады.

Бұл туралы Тараз қаласында өтіп жатқан «JAMBYL» телеарнасының жаңа маусымының тұсаукесерінде арна директоры Жасұлан Әбдіхалық мәлімдеді.

– Ғаламтор мен смарт технологиялар дәуірі бізден жеделдікті,  жинақылықты, креативті қадамдарды  талап етуде. Уақыт талабы мен көрермен сұранысын ескере отырып 1-3 минуттан аспайтын әлеуметтік роликтерді көптеп түсіруді қолға алдық. Бұл біріншіден, тиімді насихат пен тәрбие құралы болса, екіншіден, қысқа да нұсқа бейнероликтер эфирде көрсетумен қатар түрлі желілерде таратуға қолайлы, – деді Ж. Әбдіхалық.

Сондай ақ, арнада тұрақты тақырыппен 4  бірдей бейнероликтік жоба қолға алынған. Олар:

  1.  ПРЕЗИДЕНТ ПӘРМЕНІ —  Елбасының жолдауларында, үндеулерінде айтылған тапсырмалар мен маңызды бағыттар қамтылады. Президент сөзінен үзінділер келтіре отырып, ұзақтығы 2 минутқа дейін болатын  30 ролик дайындалуда.
  2. СПОРТ ӘЛЕМІ — үлкен спорт табыстары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Әлем және Азия чемпиондары туралы болады.  Сонымен қатар, ұлттық спорт өкілдері мен жетістіктері, бұқаралық спортты дамыту жолындағы жұмыстар да қамтылады.
  3. ҰЛЫ ДАЛА ӨСИЕТІ. Тарихын тасқа басып, өнегесін өрнектеген бабалардың ғасырлар қойнауынан жеткен аталы нақыл  сөздері, парасатты пайымдары, ой толғамдары жинақталып, іріктеліп, таңдаулыларына  шағын бейнеролик бейнеролик арқылы беріледі.  Бұл топтамада көк түркі дәуірінен Күлтегін – Тоныкөк сөздерінен бастап – Абайға дейінгі кезең қамтылады.
  4. ЖЕТІ ҚАЗЫНА Арғымақ мініп, тұлпар баптаған, терме тыңдап жыр жаттаған, ит жүгіртіп, құс салған қасиетті өнердің тінін жалғастырып, көрерменге қысқа – нұсқа ақпарат беретін сұхбатты – роликтер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.