«JAMBYL»-ға саннан сапа маңызды

468

Таразда «JAMBYL»  арнасының  жаңа маусымының тұсаукесері өтуде. Шара барысында сөз алған арна директоры Жасұлан Әбдіхалық осы маусымнан бастап телеарна бағдарламалардың санына емес, сапасына назар аударатынын мәлімдеді.

– Филиалдың материалдық-техникалық, қаржылық және кадрлық әлеуетін ескерсек, күн сайын 17 сағат  эфирді керемет етіп шығару мүмкін емес екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан, аймақтық  арналар  рейтинг қуаламауы керек. Десе де, біз санға емес, сапаға көңіл бөлгенді жөн санадық.  Жыл басында 40-тан астам телебағдарлама болса, жаңа маусымда оны 27-ге  дейін қысқартып отырмыз. Бірақ,  эфирде өзіндік өнім үлесі кемімейді. Бұл мамандарға қосымша ізденіске  мүмкіндік беріп, хабардың мәні – мен мазмұнын  арттыру үшін жасалып отырған қадам, – деді Ж. Әбдіхалық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.