Жаңа формат түсіндірілді

63

«Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалының мәжіліс залында 2020 жылдан көпбалалы отбасыларға жаңа талаппен төленетін мемлекеттік жәрдемақы мәселесіне қатысты жергілікті жұртшылық өкілдерінің талабымен жиын өтті.

Өңірдегі көп балалы, аз қамтылған, мүгедек бала асырап отырған отбасы иелері мен мүмкіндігі шектеулі жандар жиналған бұл жиынға аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Өмірәлиев, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Керімбаева мен осы бөлімнің өзге де жауапты мамандары, аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Ә.Мұхамеджан және басқа жауапты мамандар қатысты.

Билік өкілдері бірден қатысушыларды көкейлеріндегі нақты сұрақтарын қойып, тиісті мамандардың жауабын мұқият тыңдап, артық, қайталама сұрақтармен уақыт алмай, жиынды дау-дамайсыз өткізуге шақырды.

Жиын барысында зал толы жұртшылық өкілдері көбіне мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін жәрдемақының, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің төлену тәртібі, оның тағайындалуында табыс көзі болып есептелетін төлем түрлері, шекті табыс деңгейі, көпбалалы отбасылар санатына жатпайтын, аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша сұрақтарын қойып, әлеуметтік сала мамандары тарапынан мардымды жауаптар алды.

Өз кезегінде Г.Керімбаева мен Ә.Мұхамеджан атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайтындай жағдайда тұрғындарға көрсетілетін өзге де кәсіптік оқыту, жұмысқа орналастыру, тұрмыстық  ахуалын арттыру үшін қайтарымсыз қаражат ұсыну сынды қолдаулар бойынша жан-жақты түсіндіріп өтті.

Динара Батырхаирова

Leave A Reply

Your email address will not be published.