Жамбылда журналистерге арналған семинар өтуде

538

Меркі ауданы, «Тұран» демалыс аймағында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған «Ақпарат ағыны және біз» 1 күндік семинары өтуде.

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастырып отырған шараға облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары мен журналистер және блогерлер қатысуда.

Жиын барысында журналистерге ақпарат таратудағы сауаттылық, бүгінгі журналистиканың талаптары, ақпаратты тексеру (фактчекинг) сияқты тақырыптарда дәріс оқылатын болады.

Семинардың лекторлары – «Мінбер» журналистерді қолдау орталығындағы жаңа медианы және дата журналистиканы зерттеу тобының жетекшісі, медиатренер Асхат Еркімбай және республикалық «El.kz» интернет жобасының жетекшісі, медиатренер Бэлла Орынбетова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.