Жамбылда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» форумы өтті

41

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бизнес форумының мақсаты кәсіпкерлермен ашық әрі еркін диалог құру. Өйткені, осы форум арқылы кәсіпкерлікті жүргізудегі кедергілер мен өзге проблемалардың алдын алу мен оны тез арада шешу жолдарын қарастыру көзделіп отыр.
Осыған орай, бүгінгі басқосуға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Н.Календеров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ортақ мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында барлық мемлекеттік органдар мен бизнес саласының өкілдері қатысты.
Жалпы Қазақстан Doing Business (Дуйнг Бизнес) – 2020 бизнес жүргізу бойынша рейтингтегі позициясы жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Онда мемлекетіміз Исландия, Австрия, Ресей, Жапония, Испания, Қытай, Франция сияқты елдерді басып озып, 25-орынға ие болды. Дуйнг бизнес рейтингісінде Қазақстанның жоғары нәтиже көрсетуі, Үкіметтің қолданыстағы заңнаманы реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнесті құру рәсімдерін оңайлату, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілгендігінің нәтижесі. Сондай-ақ Қазақстан интеграциялық процестерге белсенді қатысады, оның дәлелі Дүниежүзілік сауда ұйымы және Еуразиялық экономикалық одақ сияқты халықаралық бірлестіктерге мүше екендігі.
Қазіргі таңда 62 елдің азаматтары үшін визасыз режим енгізілді. Біздің еліміз ЭЫДҰ Инвестиция комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды және халықаралық инвестициялар туралы декларацияға қосылды.
Қазақстан Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы 50 келісімге қол қойды. Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы да енгізілген жобалар бар.
Сонымен қатар, ашық форматта өткен форумға түрлі бизнес өкілдері келіп, тұрмыстық және кәсіптегі кездесетін кедергілер мен проблемаларын көтерді. Бұл бағытта, тиісті сала мамандары нақты жауап беріп, әрі қарай назарда ұстайтындықтарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.