Кәсіпкерлер жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісіміне қол қойды

337

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты бизнес форумда «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен, өңір кәсіпкерлері мен инвесторларын қолдау, жемқорлықтан қорғау шараларының бірі «Protecting business and investments» жобасы бойынша «Студия Даму» ЖШС және «Дәмді Себет» серіктестіктерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісім шартына қол қойылды.
Айта кетсек, бұл келісім шартқа отыру барысында аумақтық кәсіпкерлер палатасының да үлесі жоғары. Агенттік бизнеске кәсіпкерлік қызмет аясында ғана емес, күнделікті өмірде де қорғауға және көмектесуге әрдайым дайын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Инвестор үшін жалғыз шарт – ол бизнесті адал жүргізу, сыбайлас жемқорлықсыз және оның кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» бойынша өзіне міндеттемелер алуды білдіреді.
Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті шетелдік және отандық инвесторлармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау көрсету туралы жалпы сомасы 366 млрд теңгеге 24 келісімге қол қойды. Шетелдік инвесторлар қатарында Германия, Иран, Чехия, Қытай сияқты елдер бар. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін 17 кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.