Жамбыл облысының ІІД-не жаңа басшы келді

631

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов жеке құрамға Жамбыл облысының ІІД-нің жаңа бастығын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Арман Оразалиев тағайындалды.

А. Оразалиев ІІМ Алматы жоғары мектебін тәмамдады. Бұрын ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

Берік Бисенқұлов жаңа тағайындалған облыстық полиция басшысына жемісті еңбек тіледі.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.