Жамбыл облысындағы жел станциялары 450 млн киловатт қуат өндірді

942

Жамбыл облысында электр энергиясының 16 пайызы баламалы қуат көздерінен өндіріледі.

Бүгінде өңірде 4 су, 3 жел және 3 күн электр стансасы тұрақты жұмыс істеп тұр. Мәселен, Қордай ауданындағы жел электр станциялары соңғы 5 жылда 450 миллион киловатт сағат өнім өндірген. 2020 жылға дейін осындай тағы 5 нысан салынбақ.

Қордай жел электр стансасына қолайлы асу. Мұнда жел ұдайы соғып тұрады. Сондықтан мамандар осы жерді таңдап алған. Бұл жерде 40 қондырғы желден қуат өндіріп тұр. Нысан жобалық қуатына толық шыққандықтан қазір қосалқы стансаның құрылысы жүріп жатыр.

Жел электр станциясының бір бағаны желді күндері тәулігіне 800 киловатт сағат электр энергиясын өндіре алады. Қондырғы толықтай автоматтандырылған. Оны мына монитор арқылы бақылауға болады. Мәселен, желдің жылдамдығы қазір секундына 3 метр секунд жылдамдықпен осғып тұр. Осының арқасында қондырғы 20 киловатт электр энергиясын өндіріп тұр.

— Электр энергиясын өндіру көлемі тікелей табиғатқа байланысты. Жел көбейген сайын өнім де арта түседі. Өндірілген энергияны жалпы жүйе арқылы мемлекетке өткіземіз. Авариялық жағдай бола қалса біз өндіріп отырған энергиямен ауданның 90 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.  Бұл нысандар өңірдегі электр энергиясының тапшылығын төмендету мақсатында салынып отыр. Жыл басынан бері ауданда 137 миллион киловатт сағат энергия өндірілген. Оның құны 3 миллиардтан теңгеден асады. Келешекте жылдық қуаты 60 мегаваттық қос станса салу жоспарда, – дейді өндіріс жөніндегі директор Марат Тоқбаев.

Ал, Қордай аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Ербол Сәрсенбаев индустриалды инновациялық даму бағдарламасының бірінші 5 жылдық аясында іске асырылғанын айтады.

– Мемлекет тарапынан аталған компанияға 4 млрд 200 млн теңгеге Бизнес жол картасы бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау берілген болатын. Және жер телімдері бөлініп берілген, – дейді маман.

Облыста баламалы энергия көздерінен қуат өндіретін 10 нысан бар. Онда соңғы 9 айда 300 миллион киловатт сағат өнім өндірілген.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.