Жамбыл облысында тұмауға қарсы 115 мың вакцина сатып алынды

567

Биылғы жылы облыстық бюджеттен қауіп қатер тобындағы тұлғалар үшін 115 мың доза тұмауға қарсы вакцина алынды және тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахимов, облыстық балалар жұқпалы ауруханасының инфекционист дәрігері Сағыныш Нұрғабылованың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Спикерлердің айтуынша, жыл сайын тұмауға қарсы вакциналар штаммы жаңарып отырады. Егу өткен маусымда айналымда болған вирустардың көмегімен жүргізіледі. Жұқтырудың алдын алудың осы әдісінің тиімділігі  вакциналар қаншалықты болжанатын штаммды құруына байланысты.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпараты бойынша Қазақстанда қазан айынан бастап тұрғындардың 10%-ы вакцинацияланады. 2018 жылы бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 1,5 млн. дозасы 1 млр. 200 млн.теңгеге сатып алынды. Вакцина A (H3N2) және A (H1N1) және В тұмау штаммдарының антигендерін қамтиды. Одан басқа Қазақстанда 3 өндірушінің тұмауға қарсы тағы 4 вакцинасы тіркелген. Бұл «Ваксигрип» және «Ваксигрип Тетра» Франция), «Инфлювак», (Нидерланды) және тұмауға қарсы вакцина (Қытай), оларды арнайы алдын алу ретінде пайдалануға болады.

Сонымен қатар, әрбір адам өз қалауы бойынша тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемелерде жеке қаражатына екпе алуға мүмкіндігі бар. Ақылы егу кабинеттерінде тұмауға қарсы вакцинаның құны – 1600 теңгеден бастап 2500 теңге аралығында. Тұмаудан басқа Қазақстанда тұмау емес вирустар айналымда болады.

Айта кетейік, Қазақстанда 2018-2019 жылдардың алдағы эпидмаусымында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша Қазақстанда қолданылатын үшвалентті вакцинаның құрамына енгізілген тұмаудың үш штаммы болады: A (H1N1) – Мичиган, A (H3N2) – Сингапур, сондай-ақ B – Колорадо (линия B/Victoria). Еске сала кетсек, өткен эпимаусымда  тұмаудың 3 вирусы: A (H1N1),  A (H3N2), сондай-ақ В вирусы айналымда қатар болды.

zhambylnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.