Таразда тағы бір «Коворкинг» орталығы ашылды

781

Бүгін Тараз қалалық мәдениет үйіндегі орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана филиалында “Коворкинг” орталығының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шара барысында Тараз қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қатысушыларды бейнебайланыс арқылы орталықтың ашылуымен құттықтады.

Орталық қажетті оргтехникамен және жиһаздармен жабдықталған. Компьютерлерге тегін интернет жүйесі тартылған. Сондай-ақ, мұнда тоғызқұмалақ, шахмат ойындарын ойнауға болады. Айта кетейік, орталықта қызметтің барлық түрі тегін көрсетіледі.

Орталық кітапханаға оқырмандарды тарту, кітапхананың қала және облыс тұрғындарына ұсынатын ақпараттық қызмет түрлерін арттыру  мен насихаттау үшін және бизнес құрылымдарымен өзара әрекеттестік қалыптастыру мақсатында ашылып отыр.

zhambylnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.