Жамбыл облысында Қазақстанның үздік жас бүркітшілері анықталды

26

Жамбыл облысында өткен жастар арасындағы «Бүркітші-2018»  Х чемпионатына республиканың 10 аймағының үздік бүркітшілері жиналып, бақ сынады.

«Бүркітші-2018» жарысы Жамбыл ауданының Бектөбе ауылында өткізілді. Жарыс бағдарламасында — құстың иесінің қолына ұшып қону бұйрығын орындау, еркін ұшыру, жануарлар мен құстарды аулау қарастырылған.

Жамбыл облысын әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасынан атап өткендей, чемпионат Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының аясында ұйымдастырылған.

Чемпионат қорытындылары бойынша, бүркітпен бірге аң аулау жарысында Атырау спортшысы Сармат Әбдулкәрімұлы жеңіске жетсе, сұңқармен аңға шығуда Берікболсын Жалғасұлы, қаршығамен аң аулауда — Сағи Махмұтханға тең келер ешкім болмады. Жүлдегерлер арасында сондай-ақ Жамбыл, Түркістан, Алматы және Ақмола облыстарынан келген бүркітшілер болды.

Жамбыл құрамасының аға жаттықтырушысы Базарбек Күнтуғанұлы осындай жарыстар бүркітшілікті насихаттауға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

«Бүркітпен аңға шығу дәстүрін жаңғырту үшін Қазақстандағы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бастамасымен жыл сайын бүркітшілер сайыстары өткізіліп тұрады. Жамбылдық бүркітшілер еліміз бойынша танымал. Олардың арасында Бақдәулет Бабажанов, Қазақстаннның бірнеше дүркін чемпионы Бауыржан Ешметов, Өсербай Қадырқұлов, Бақыт Қарнабаевтың есімдерін атап өтуге болады. Ел чемпионаттарының Шернияз бен Түрнияз Бауыржан сияқты жас жеңімпаздары да бар», — деді ол.

Бүгінде Жамбыл облысының жабайы фаунасында қанатты жыртқыш құстар арасында ителгі, бүркіт, қаршыға, ұсақ сұңқарларды кездестіруге болады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.