Сиднейді су басты

163

Қатты жауған нөсерден Австралияның Сидней қаласын су басты. Апаттан бір адам қаза тапты. Тағы 9 тұрғын жарақат алды. Жауынмен қоса аймақта қатты жел тұрды. Табиғат апаты 8 мыңнан астам тұрғын үйді жарықсыз қалдырды. Көше жолдарында көлік қозғалысы тежелді. Билік өкілдері тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес береді. Қала әуежайында тек бір ғана ұшып қону жолағы ашық. 20 әуе рейсі кейінге шегерілді. Синоптиктердің болжауынша, өңірде дауыл әлі де сақталады.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.