Жамбыл облысы Полиция департаментінде Тәуелсіздік күні мерекесі аталып өтті

53

16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Жамбыл облысы Полиция департаментінде Тараз қалалық Полиция басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекелік шараға Полиция департаментінің басшы және жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шара Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиевтің құттықтау сөзімен басталды. Департамент бастығы Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктерін, Елбасының саралы саясатының нәтижесінде барлық саяси-экономикалық кедергілерді жеңіп, мемлекетіміздің тұрақты дамып келе жатқандығын айтып өтті.
— Егемендік алған уақыттан бері біздің полиция қызметкерлері де азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде зор үлес қосты. Осындай жауапты жылдары Жамбыл облысы Полиция департаментінің 73 қызметкері қызмет бабында әртүрлі жарақат алып, 7 полиция қызметкері аса ауыр қылмыскерлерді құрықтауда өмірлерін құрбан етті. Оның ішінде «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерлігі бүгінгі ұрпақ үшін өлшеусіз өнеге. Сонымен қатар, әрбір ішкі істер органдарының ардагерлеріне алғысым шексіз,- деді Арман Молдиярұлы.
Салтанатты рәсім барысында міндеттерін адал атқарып, қызметте жеткен жетістіктері үшін бірқатар полиция қызметкерлері марапатталды. Атап айтсақ, Тараз қалалық Полиция басқармасының 2-полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі полиция капитаны М.Борчашвилиге полиция майоры атағы мерзімінен бұрын берілсе, Тараз қ. Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Ә.Мұхамеджанова «Құрмет грамотасына» лайық деп танылды. Сондай-ақ, 2-полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны Ж.Керімбеков 2-дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісіне, ал ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Н.Сон Ішкі істер министрінің Алғыс хатына ие болды.
Сонымен қатар, мерекеге орай ішкі істер органдарының ардагерлері мен Полиция департаментінің 60-тан аса қызметкеріне арнайы грамота мен алғыс хаттар беріліп, 8 қызметкердің бұрын берілген жазасы алынды.
Іс-шара Жамбыл облыстық филармониясы әншілерінің патриоттық әндерімен жалғасын тапты.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.