Берік Уәли – «Құрмет» орденінің иегері

776

 

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтары марапатталды. Олардың қатарында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли де бар. Ол «Құрмет» орденінің иегері атанды.


Айта кетейік, Берік Уәли бұған дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде болып, облыс идеялогиясын дамытуға, өңірдің өркендеуіне айтарлықтай үлесін қосқан болатын. Қасиетті Әулиеата топырағында біршама уақыт елеулі еңбек еткен Б.Уәли өз кезегінеде салаға серпін сыйлап, оң көрсеткіштердің қалыптасуына ықпал еткені сөзсіз. Ендеше, бүгінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметін абыройлы атқарып келе жатқан білікті де тәжрибелі маманды мерейлі мәртебесімен құттықтай отырып, жұмысына табыс, отбасына бақ-береке, амандық тілейміз!

Қазақстан Журналистер Одағының Жамбыл облыстық филиалы

Leave A Reply

Your email address will not be published.