Жалақының мөлшері өсіп келеді — министр Тимур Сүлейменов

524

Үкіметтің бүгінгі отырысында әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, биыл он бір айдың ішінде ел экономикасын несиелендіру көлемі 2,6 процентке төмендеп, 12,8 триллион теңгені құрады.
«Бұл бизнес кредиттерінің 11,4 процентке, яғни 7,6 триллион теңгеге дейін қысқаруымен байланысты. Алайда тұтынушылық кредиттер 15,4 процентке немесе 5,2 триллион теңгеге өсті», — деді Т.Сүлейменов. Министрдің сөзіне қарағанда, жыл басынан бері 468,6 адам жұмысқа орналастырылды. Ал қазан айында жұмыссыздықтың деңгейі 4,8 процентке дейін төмендеді.
«Жалақының мөлшері өсіп келеді. Биыл қаңтар-қазан айларында орташа айлық жалақы 159,5 мың теңгеге дейін ұлғайды, нақты көріністе 2,2 процентке өсіп отыр. Өңірлік бөліністе xалықтың нақты ақшалай табыстары жөнінде осы жылдың қорытындылары бойынша ақпарат шыққаннан кейін баяндалатын болады», — деп атап көрсетті Т.Сүлейменов.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.